Директорлар кеңесі төрағасының арнау сөзі
«Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
НИКОЛАЙ КАЗУТИН

Қадірлі оқырман!

Белгілі болғандай, Қазақстан ірі энергетикалық әлеуетке ие бола отырып, Орта Азия аймағындағы көшбасшылар қатарына еніп отыр. Қызметінің негізгі бағыты электр және жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын беру, бөлу және өткізу, энергетикалық көмір өндіру болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздегі энергетика локомотиві десек те болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электроэнергетикалық холдинг болып табылады. Оның құрамына энергетика және көмір кәсіпорындары, оның ішінде отандық энергетиканың флагмандары болып саналатын – «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС және «Екібастұз станциясы МАЭС-2» АҚ, ірі көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, жел және күн электр станциялары кіреді .

Компания үшін 2022 жыл өте үлкен маңызға ие болды. «Самрұқ-Энерго» АҚ 15 жыл толды!

Осы жылдар ішінде республикадағы негізгі электр энергетикалық ұйым қалыптасу мен дамудың маңызды жолынан өтті. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы түбегейлі өзгерістер толқынында құрылған Компания бүгінде Қазақстан экономикасында стратегиялық рөл атқарады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазақстан Республикасының Ішкі жалпы өніміне (ІЖӨ) қосқан үлесі осы жылдар ішінде шамамен 1,2 трлн. теңгені құрады. 2007 жылы құрылған сәттен бастап «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы ел үшін бірқатар маңызды жобаларды іске асырды. Олардың ішінде Екібастұз ГРЭС-1-дегі әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын №2 және №8 энергия блоктарын қалпына келтіру, Мойнақ ГЭС-ін салу, Алматы облысында бірегей күн станциясын және Ақмола облысында Қазақстанда өнеркәсіптік ауқымдағы алғашқы жел электр станциясын салу ерекше көзге түседі.

2022 жылы Компания өзінің стратегиялық мақсаттарын сәтті жүзеге асыруды және ел басшылығы мен Үкіметі алға қойған міндеттерді орындауды жалғастырды. Биылғы жылы Компания «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте Алматы облысында қуаттылығы 60 МВт жел электр станциясын салып, пайдалануға берді, ЕҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша жұмысты практикалық іске асыру сатысына шығарды, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС көмір кенішінде көмір өндірудің циклдік-ағындық кешенін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануды іске қосты.

Халықаралық Климаттық күн тәртібі және Париж келісімі шеңберіндегі атмосфераның жаһандық температурасының өсуін тежеу жөніндегі Қазақстанның міндеттемелеріне сүйене отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ 2022 жылы 2022-2060 жылдарға арналған энергетикалық көшу бағдарламасын бекітті. Бұл құжат компанияның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкіндігі бар тиімді, ресурстарды үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды пайдалануға көшу жолындағы бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін анықтады.

Қазіргі уақытта операциялық тиімділікті арттыруға, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға, жөндеу науқанына шығындарды азайтуға ықпал ететін өндірістік және операциялық процестерді цифрландыру үрдісі байқалады. Осы бағытты ұстана отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың 2023-2025 жылдарға арналған Стратегиясын бекітті.

Жыл шымылдығы жабылар тұста Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін "ВВ+" деңгейіне дейін, Самұрық-Энергоның дербес негіздегі кредит қабілеттілігін «b+» - дан «bb -» - ге дейін және қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша рейтингті «Bb» - ден «BB+» - ге дейін көтерді". Болжам «Тұрақты».

Мұндай маңызды жетістіктер сауатты, озық басқару шешімдері мен үлкен команданың үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ауқымды жоспарлары ірі отандық электр энергетикалық холдинг өзін Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істейтін жоғары әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі бар тиімді жоғары технологиялық операциялық энергетикалық компания ретінде көрсете отырып, тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.

Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ-на жан-жақты дамуды тілеймін. Компания нығая берсін және еліміздің энергетика саласындағы ең үздік кәсіпорындарының бірінің жалауын жоғары ұстауды жалғастыра берсін! Сіздерге сенімді серіктестер, сәтті жобалар, қаржылық әл-ауқат және үнемі кемелділікке ұмтылуды тілеймін!