GRI 2-1
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы-өз акционерлері үшін құн құратын және энергиямен жабдықтаудың жоғары тиімді жүйесін қалыптастыруға, елдің барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын іске асыруға бағытталған халықаралық энергобалансқа табысты интеграцияланған Қазақстан Республикасының аса ірі көп бейінді энергетикалық холдингі.
«Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады1.
Компания туралы толығырақ: www.samruk-energy.kz .
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және сол жерде өз қызметін жүзеге асырады.
«Самұрық-Энерго» АҚ бас кеңсесінің мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 15А, Б блогы, «Q» Бизнес орталығы.
«Самұрық-Энерго» АҚ тобының құрамында Қазақстанның ірі өндіруші компаниялары, оның ішінде ұлттық маңызы бар – Екібастұз МАЭС-1, 2, сондай – ақ Шардара және Мойнақ СЭС, елдегі ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын - «Богатырь Көмір» ЖШС, ЖЭК объектілері, өңірлік тарату желісі және өткізу компаниясы бар.
GRI 2-6
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі түрлері:
- Қазақстан Республикасындағы энергетикалық активтерді басқару – көмір өндіру және сату, жылу және электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және сату
- қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды салу
- Қазақстан Республикасының энергетикасына жаңа технологияларды енгізу
Негізгі өнімдер мен қызметтер:
жылу және электр энергиясын өндіру
жылу және электр энергиясын беру және тарату
энергетикалық көмір өндіру
Негізгі сату нарықтары:
- Солтүстік аймақ-Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы
- Оңтүстік аймақ-Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы
- Өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылады және Ресейге мен Қырғыз Республикасына экспортталады
құндылықтар және
қағидаттар

Тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, акционерлер үшін құнды құру, энергия ресурстарын сенімді жеткізу, жоғары технологиялық даму жолымен өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.

ТӘЛІМГЕРЛІК – көмек пен қолдау көрсету, барлық мүдделі тараптармен сенімді қарым-қатынас орнату, жинақталған тәжірибені сақтау және беру
СЕНІМДІЛІК – үздіксіз және сапалы жұмысты қамтамасыз ету, қоршаған орта мен экология мәселелерінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну, қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау, қабылданған міндеттемелерге адалдық
ӘДІЛДІК – кез-келген мәселені шешуде объективті бағалау және әділеттілік, тең талаптар мен мүмкіндіктер, пікірін айту және тыңдалу мүмкіндігі
КӘСІБИЛІК – қойылған міндеттерге адал көзқарас, тиімділікті арттыру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, енгізу







тобының құрылымы
КОМПАНИЯЛАР
- Компания «Forum Muider B.V.» (50 %)
- «Богатырь Көмір» ЖШС (100 %)
- «Ресурсэнергоуголь» ЖШҚ (100 %)
КОМПАНИЯЛАР
- «АлЭС» АҚ (100 %)
- «Екібастуз МАЭС-1» ЖШС (100 %)
- «Екібастуз станциясы МАЭС-2» ЖШС (50 %)
- «Балқаш ЖЭС» АҚ (100 %)
КОМПАНИЯЛАР
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС (100 %)
- «Алатау Жарық Компаниясы АҚ (97,4 %)
КОМПАНИЯЛАР
- «Шардара СЭС» АҚ (100 %)
- «Шүлбі СЭС» АҚ (92,14 %)
- «Өскемен СЭС» АҚ (89.99 %)
- «Бухтарма СЭС» АҚ (96,32 %)
КОМПАНИЯЛАР
- «Energy Solutions Center» ЖШС (100 %)
- «Ereymentay Wind Power» ЖШС (100 %)
- «Qazaq Green Power» PLC (100 %)
- «Энергия Семиречья» ЖШС (25 %)
- «Бірінші жел электр станциясы» (100 %)
- «Samruk-Green Energy» ЖШС (100 %)
- «Мойнақ СЭС» АҚ (100 %)
- «Казгидротехэнерго» ЖШС (100 %)
- «Теплоэнергомаш» ЖШС (95 %)
Топ құрылымындағы өзгерістер
2022 жылғы шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ тобының құрылымында ЖЭК және СЭС саласындағы өз қызметін жүзеге асыратын топтың барлық еншілес кәсіпорындарын басқаратын және үйлестіретін «жасыл» компания құруды қамтамасыз етуді тапсырды.
2022 жылғы 15 қыркүйекте Қоғамның Директорлар кеңесі «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында «Public Company» ұйымдық-құқықтық нысанындағы Qazaq Green Power PLC компаниясын құру туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы 4 қарашада Qazaq Green Power PLC АХҚО-да тіркелді, акциялар белгіленген тәртіппен орналастырылды, еншілес ұйым органдары құрылды. «Самұрық-Энерго» АҚ – Qazaq Green Power PLC жалғыз акционері.
2022 жылғы 27 қыркүйекте «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы»2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау шеңберінде Mettlera Corporation LTD компаниясын тарату процесі Кипрдің қолданыстағы заңды тұлғаларының тізілімінен шығарыла отырып аяқталды.
2022 жылғы 28 желтоқсанда ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі шеңберінде «Тегісмұнай» ЖШС (оның құрамында «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС) сатып алу-сату шарты негізінде «QazaqGaz» АҚ-ға берілді.
ЖӘНЕ САТУ
ӨНДІРУ
ЖӘНЕ ТАРАТУ
ЭНЕРГИЯСЫН САТУ
- «KEGOC» АҚ
- «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС
- «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
- «Теміржолэнерго» ЖШС
- «Жамбылжарықсауда-2030» ЖШС
- «Энергопоток» ЖШС
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
- «Богатырь Көмір» ЖШС
- «Жетісу Энерготрейд» ЖШС және басқалар бар